Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы (ARELTA), АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен

AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған жасанды интеллектіні практикалық қолдану және Action Research бағыттарына арналған ауқымды білім беру жобасы. Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам педагог 72 академиялық сағат көлеміндегі тегін оқудан өтті.

AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher

Қазақстанда ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher ауқымды білім беру жобасы аяқталды. Жоба Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы (ARELTA) тарапынан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен және Astana Bilim Academy қатысуымен жүзеге асырылды.

Жоба 2026 жылғы 8 маусым мен 3 шілде аралығында өтіп, Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам ағылшын тілі мұғалімін біріктірді. Бағдарламаға қатысу тегін болды. Оқыту аралас форматта ұйымдастырылып, бағдарламаның жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрады.

Жасанды интеллект және Action Research

Бағдарлама педагогтердің кәсіби құзыреттерін екі өзекті бағытта дамытуға арналды: ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану және өз педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерделеу мен жетілдіруге бағытталған Action Research («іс-әрекеттегі зерттеу») жүргізу.

Жасанды интеллектіні мұғалімнің кәсіби қызметін қолдайтын, педагогикалық тәжірибені талдауға және білім беру шешімдерін әзірлеуге көмектесетін құрал ретінде саналы әрі тәжірибеге бағдарланған түрде қолдануға ерекше назар аударылды.

Оқу барысында қатысушылар:

  • мұғалім жұмысында жасанды интеллектіні қолданудың практикалық құралдарымен;
  • Action Research-тің негізгі қағидаттары мен кезеңдерімен;
  • зерттеу сұрақтарын әзірлеу жолдарымен;
  • деректерді жинау және талдау әдістерімен;
  • зерттеу нәтижелерін оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолдану тәсілдерімен танысты.

Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам педагог

Оқыту Астана, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Семей, Ақтөбе және Петропавл қалаларында өтіп, еліміздің әр өңіріндегі ағылшын тілі мұғалімдерін ортақ кәсіби ортада біріктірді.

Astana Bilim Academy жобаны іске асыруға өтеусіз негізде қатысып, педагогтерді оқытуды ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік қолдау көрсетуге және оқу үдерісін сүйемелдеуге атсалысты.

Қатысушыларды сертификаттау

Бағдарламаны сәтті аяқтап, курс талаптарын орындаған мұғалімдер Astana Bilim Academy-дің 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы сертификаттарын алды.

Берілген сертификаттар туралы мәліметтер «Ұстаз» платформасы арқылы Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркелді.

Жоба 300-ден астам ағылшын тілі мұғалімін оқытудың заманауи тәсілдері, педагогикалық зерттеу және білім беруде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану идеялары төңірегінде біріктірді. Жобаның жүзеге асырылуы ARELTA, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және Astana Bilim Academy арасындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуы саласындағы ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі болды.

Суреттер