Біздің көзқарасымыз
Педагогтің заманауи кәсіби дамуы — сертификат алу үшін курстан формалды түрде өту ғана емес, үздіксіз білім алу, өз тәжірибесін зерттеу, жаңа тәсілдерді меңгеру және өз жұмысында өзекті құралдарды қолдану.
Біздің миссиямыз
Педагогтердің кәсіби дамуына, негізделген шешімдер қабылдауына, заманауи білім беру тәсілдерін қолдануына және қазіргі кәсіби қауымдастықтың белсенді бөлігі болып қалуына көмектесетін заманауи әрі практикалық бағыттағы біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу.
Курс — жай ғана есеп үшін емес. Білім — нақты тәжірибе үшін.
Astana Bilim Academy — педагогтерге арналған заманауи біліктілікті арттыру курстарының білім беру платформасы.
Біз кәсіби даму тек 80 сағат оқу және аттестаттауға қажет сертификат алу емес деп есептейміз. Жақсы курс педагогке өз жұмысында бүгіннен бастап қолдануға болатын өзекті білім, практикалық құралдар мен жаңа идеялар беруі керек.
Сондықтан біз қазіргі педагог үшін шынымен маңызды тақырыптар бойынша курстар әзірлейміз: оқыту әдістемесі, өз педагогикалық практикасын зерттеу, жасанды интеллект, цифрлық білім беру шешімдері және кәсіби дамудың басқа да бағыттары.
Біз өзіміз де білім алғымыз келетін тренерлерді таңдаймыз
Біздің тренерлер — өздері де үздіксіз білім алып, дамып отыратын практик-педагогтер, зерттеушілер және сарапшылар.
Astana Bilim Academy тренерлерінің арасында:
-
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие мамандар;
-
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтер;
-
PhD бағдарламаларында білім алып, зерттеу қызметімен айналысатын мамандар;
-
Nazarbayev University Graduate School of Education (NU GSE) магистрлері;
-
халықаралық және республикалық конференцияларда, соның ішінде CARN 2025 — Клагенфуртта (Австрия), ECER 2024 — Никосияда (Кипр), TESOL International Convention — Чикагода, NIS Conference және басқа да кәсіби алаңдарда баяндама жасаған мамандар;
-
CELTA халықаралық біліктілігі бар, соның ішінде Pass A және Pass B нәтижелеріне ие тренерлер;
-
IELTS 8.0 нәтижесіне ие мамандар;
-
Қазақстандағы және шетелдегі жетекші университеттер мен білім беру ұйымдарында білім алған және кәсіби дамудан өткен мамандар бар.
Біз үшін тренердің өзгелерді оқытуымен қатар, өзі де үздіксіз білім алуы, зерттеу жүргізуі, кәсіби алаңдарда тәжірибесін ұсынуы, жаңа тәсілдерді сынауы және білім беру саласындағы өзгерістерді бақылап отыруы маңызды.
Біз білім берудегі өзгерістерді үнемі бақылап отырамыз
Білім беру саласы өте жылдам өзгереді. Жаңа зерттеулер, технологиялар, құралдар мен оқыту тәсілдері үнемі пайда болып отырады.
Сондықтан біздің бағдарламаларымыз жылдар бойы өзгеріссіз қалмауы керек.
Біз заманауи білім беру үрдістерін қадағалаймыз, халықаралық тәжірибені зерттейміз және курстардың мазмұнын үнемі жаңартып отырамыз. Біздің мақсатымыз — оқытуды қазіргі педагог үшін өзекті, практикалық және пайдалы ету.
Сертификат маңызды. Бірақ білім одан да маңызды.
Біздің біліктілікті арттыру бағдарламаларымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтерді аттестаттау кезінде есепке алынады.
Бірақ біз үшін курстан кейін сіздің қолыңызда тек сертификат қана қалмауы маңызды.
Біздің мақсатымыз — сіздің жаңа білім алуыңыз, пайдалы құралдарды меңгеруіңіз, жаңа тәсілдерді сынауыңыз, өз практикаңызды зерттеуіңіз және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көруіңіз.
Үйрену. Зерттеу. Сынап көру. Жасау. Білім берумен бірге даму.