Пайдаланушы келісімі
ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ
Astana Bilim Academy білім беру платформасының
Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі — Келісім) пайдаланушылардың Astana Bilim Academy білім беру платформасын (бұдан әрі — Платформа) пайдалану талаптарын айқындайды.
Платформа «Astana Bilim Academy» ЖШС-ге, БСН 250640007207, тиесілі және оның басқаруында болады.
Платформаны пайдалану пайдаланушының осы Келісіммен танысқанын және оның талаптарын осы Келісімде көзделген тәртіппен қабылдағанын білдіреді.
1. Жалпы ережелер
1.1. Платформа білім беру процесін, оның ішінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге, білім беру материалдарына қолжетімділік беруге, тапсырмаларды орындауға, бағалаудан өтуге, оқыту барысы туралы ақпарат алуға және өзге де функционалдық мүмкіндіктерді пайдалануға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
1.2. Платформаның мекенжайы: https://lms.astanabilim.kz
1.3. «Astana Bilim Academy» ЖШС пайдаланушыға Платформаны тек осы Келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын береді.
1.4. Осы Келісім тек Платформаны пайдалануды реттейді және мыналарды алмастырмайды:
– Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы жария оферта шартын;
– Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді;
– Astana Bilim Academy Құпиялылық саясатын.
1.5. Ақылы білім беру қызметтерін көрсету талаптары, оның ішінде оқыту құны, төлем тәртібі, ақшаны қайтару, сертификат беру талаптары және оқытудың өзге де талаптары Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы жария оферта шартымен айқындалады.
2. Терминдер мен анықтамалар
2.1. Платформа (LMS) — оқу процесін автоматтандыруға және ұйымдастыруға арналған Astana Bilim Academy оқытуды басқару жүйесі.
2.2. Пайдаланушы — Платформада есептік жазба тіркеген немесе «Astana Bilim Academy» ЖШС көздеген өзге тәсілмен Платформаға қолжетімділік алған жеке тұлға.
2.3. Есептік жазба — пайдаланушыны сәйкестендіру және оған Платформаның функционалдық мүмкіндіктеріне қолжетімділік беру үшін жасалатын жеке есептік жазба.
2.4. Жеке кабинет — авторизациядан кейін пайдаланушыға қолжетімді, Платформаның қорғалған бөлімі.
2.5. Білім беру материалдары — Платформада орналастырылған бейнелекциялар, презентациялар, құжаттар, тесттер, тапсырмалар, әдістемелік материалдар, суреттер, аудиоматериалдар және өзге де материалдар.
2.6. Курс — Платформада орналастырылған білім беру бағдарламасы немесе оның бір бөлігі.
2.7. Әкімші — Платформаны техникалық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан басқаруды жүзеге асыратын «Astana Bilim Academy» ЖШС уәкілетті өкілі.
3. Тіркелу және есептік жазба жасау
3.1. Платформаның жекелеген функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану үшін пайдаланушыдан тіркелу және есептік жазба жасау талап етілуі мүмкін.
3.2. Тіркелу кезінде пайдаланушы дұрыс, өзекті және толық ақпарат беруге міндетті.
3.3. Пайдаланушы өзі берген тіркеу деректерінің дұрыстығына жауапты болады.
3.4. Пайдаланушы тіркеу деректері өзгерген жағдайда оларды уақтылы жаңартуға міндетті.
3.5. Есептік жазба жеке болып табылады және үшінші тұлғаларға беруге арналмаған.
3.6. Пайдаланушы үшінші тұлғаларға логин, құпия сөз, растау кодтарын және оның есептік жазбасына қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін өзге де деректерді беруге құқылы емес.
3.7. Пайдаланушының есептік жазбасына сәтті авторизациядан кейін жасалған барлық әрекеттер, өзгеше дәлелденбесе, тиісті пайдаланушы жасаған деп есептеледі.
3.8. Есептік жазбаға рұқсатсыз қолжетімділік фактісі анықталған жағдайда пайдаланушы бұл туралы «Astana Bilim Academy» ЖШС дереу хабарлауға міндетті.
4. Авторизация және қауіпсіздік
4.1. Платформаға қолжетімділік «Astana Bilim Academy» ЖШС көздеген авторизация тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
4.2. Пайдаланушы өзінің есептік жазбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды шараларды қабылдауға міндетті, оның ішінде: құпия сөзді үшінші тұлғаларға бермеу; авторизация деректерін жалпыға қолжетімді құрылғыларда сақтамау; Платформада мұндай мүмкіндік көзделген жағдайда сенімді құпия сөзді пайдалану; бөгде немесе ортақ құрылғыда жұмысты аяқтағаннан кейін есептік жазбадан шығу.
4.3. Есептік жазба осы Келісімді немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылады деп есептеуге негіз болған жағдайда, «Astana Bilim Academy» ЖШС оған қолжетімділікті уақытша шектеуге құқылы.
4.4. Қолжетімділік бұғатталған немесе шектелген жағдайда «Astana Bilim Academy» ЖШС пайдаланушыдан оның жеке басын және есептік жазбаны заңды пайдаланғанын растайтын мәліметтерді сұратуға құқылы.
5. Платформаны пайдалану
5.1. Пайдаланушы Платформаны: өзіне қолжетімді білім беру бағдарламаларынан өту үшін; берілген материалдарды қарау және оқу үшін; тапсырмаларды орындау үшін; тестілеуден және бағалаудан өту үшін; оқыту нәтижелері туралы ақпаратты қарау үшін; оқытуға байланысты хабарламалар алу үшін; «Astana Bilim Academy» ЖШС ұсынған Платформаның өзге де функцияларын пайдалану үшін қолдануға құқылы.
5.2. Платформаның функционалдық мүмкіндіктері курсқа, пайдаланушының мәртебесіне және өзге де ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
5.3. Курс ақылы болған жағдайда, пайдаланушының нақты курсқа қолжетімділігі Жария оферта шартының талаптарымен айқындалады.
5.4. «Astana Bilim Academy» ЖШС платформаның функционалдық мүмкіндіктерін өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға немесе жетілдіруге құқылы.
5.5. Платформаның интерфейсін, элементтерінің орналасуын, дизайнын және жекелеген техникалық функцияларын өзгерту, егер мұндай өзгеріс курста көзделген білім беру қызметтерінің көлеміне әсер етпесе, білім беру қызметтерін көрсету талаптарын өзгерту болып табылмайды.
6. Білім беру материалдары және зияткерлік меншік
6.1. Платформада орналастырылған барлық білім беру, әдістемелік, ақпараттық, аудиовизуалды және өзге де материалдар «Astana Bilim Academy» ЖШС және/немесе тиісті құқық иеленушілерге тиесілі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
6.2. Пайдаланушыға білім беру материалдарына қолжетімділік беру оған тиісті материалдарға айрықша немесе өзге де мүліктік құқықтарды беруді білдірмейді.
6.3. Пайдаланушы білім беру материалдарын тек жеке білім беру мақсаттары үшін және оған берілген қолжетімділік шегінде пайдалануға құқылы.
6.4. «Astana Bilim Academy» ЖШС және/немесе тиісті құқық иеленушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз пайдаланушыға: білім беру материалдарын толық немесе ішінара көшіруге; оларды үшінші тұлғаларға таратуға; жалпыға қолжетімді ортаға орналастыруға; сатуға немесе үшінші тұлғаларға беруге; материалдарды бөгде интернет-ресурстарда жариялауға; материалдарды туынды коммерциялық өнімдер жасау үшін пайдалануға; материалдарды жеке оқыту мақсаттарынан тыс өзге тәсілмен пайдалануға тыйым салынады.
6.5. Платформаны пайдалана отырып өткізілетін бейнелекцияларды, вебинарларды, аудиоматериалдарды және өзге де іс-шараларды жазуға тек «Astana Bilim Academy» ЖШС алдын ала рұқсатымен және өзге қатысушылардың құқықтарын сақтай отырып жол беріледі.
6.6. Осы бөлімнің ережелері курстың ақылы немесе өзге талаптармен берілуіне қарамастан қолданылады.
7. Тыйым салынған әрекеттер
Платформаны пайдалану кезінде пайдаланушыға:
7.1. Платформаны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға.
7.2. Өзінің есептік жазбасын беруге немесе оған басқа тұлғаларға қолжетімділік беруге.
7.3. Басқа пайдаланушылардың есептік жазбаларына, әкімшілік функцияларға немесе Платформаның жабық бөлімдеріне рұқсатсыз қолжетімділік алуға тырысуға.
7.4. Платформаның қалыпты жұмысын бұзуға бағытталған әрекеттер жасауға.
7.5. «Astana Bilim Academy» ЖШС жазбаша рұқсатынсыз Платформадан ақпаратты жаппай жинау, көшіру немесе түсіру үшін автоматтандырылған құралдарды пайдалануға.
7.6. Платформаға Платформаның немесе басқа пайдаланушылардың құрылғыларының жұмысын бұзуы мүмкін зиянды бағдарламаларды, файлдарды немесе өзге де объектілерді жүктеуге.
7.7. Платформаның техникалық шектеулерін, авторизация жүйесін немесе өзге де қорғау құралдарын айналып өтуге әрекеттенуге.
7.8. Қатерлер, қорлау, кемсіту, заңсыз мазмұн немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын материалдар бар материалдарды орналастыруға.
7.9. «Astana Bilim Academy» ЖШС рұқсатынсыз Платформаны спам, жарнама немесе білім беру процесіне қатысы жоқ өзге де хабарламаларды тарату үшін пайдалануға тыйым салынады.
8. Пайдаланушы контенті
8.1. Платформаның функционалдық мүмкіндіктері пайдаланушыға хабарламалар, жауаптар, пікірлер, файлдар, тапсырмалар немесе өзге де материалдар орналастыруды көздеген жағдайда, пайдаланушы өзі орналастыратын материалдың мазмұны үшін дербес жауапты болады.
8.2. Пайдаланушы өзі орналастыратын материалдардың: Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтынына; үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына; авторлық және өзге де зияткерлік құқықтарды бұзбайтынына; зиянды бағдарламалық қамтылымды қамтымайтынына кепілдік береді.
8.3. «Astana Bilim Academy» ЖШС пайдаланушы материалын орналастыру осы Келісімді, үшінші тұлғалардың құқықтарын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзады деп есептеуге негіз болған жағдайда оны жоюға немесе оған қолжетімділікті шектеуге құқылы.
9. Хабарламалар мен коммуникациялар
9.1. «Astana Bilim Academy» ЖШС пайдаланушыға Платформаның жұмыс істеуіне және оқытуға байланысты хабарламаларды электрондық пошта, SMS, телефон байланысы, мессенджерлер, Платформа ішіндегі хабарламалар және пайдаланушы берген өзге де байланыс деректері арқылы жіберуге құқылы.
9.2. Пайдаланушы мұндай хабарламаларды алу мүмкіндігін дербес қамтамасыз етуге міндетті.
9.3. Оқытуға тікелей қатысты хабарламалар жарнамалық хабарламалар болып табылмайды.
9.4. Жарнамалық және маркетингтік хабарламаларды жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және тиісті негіздер болған кезде жүзеге асырылады.
10. Дербес деректер
10.1. Платформаны пайдалану пайдаланушының дербес деректерін жинауды және өңдеуді көздеуі мүмкін.
10.2. Дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және пайдаланушы берген Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жеке келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
10.3. Осы Келісім Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді алмастырмайды.
10.4. Дербес деректерді өңдеу және қорғаудың толық тәртібі Astana Bilim Academy Құпиялылық саясатында айқындалады.
10.5. Пайдаланушы дербес деректерге қатысты өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында, Құпиялылық саясатында және Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімде көзделген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
11. Техникалық талаптар және Платформаның қолжетімділігі
11.1. Платформаны пайдалану үшін пайдаланушы компьютердің, планшеттің немесе өзге де үйлесімді құрылғының; қажетті бағдарламалық қамтылымның; интернет байланысының; Платформаның жұмысы үшін қажетті өзекті шолғыштың немесе өзге де бағдарламалық қамтылымның болуын дербес қамтамасыз етеді.
11.2. «Astana Bilim Academy» ЖШС пайдаланушы тарапынан туындаған техникалық мән-жайлармен, оның ішінде құрылғының ақаулығымен, интернет байланысының болмауымен немесе байланыс сапасының тиісті болмауымен туындаған Платформаны пайдалану мүмкін еместігі үшін жауапты болмайды.
11.3. «Astana Bilim Academy» ЖШС техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтылымды жаңарту, техникалық ақаулықтарды жою, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де қажетті техникалық жұмыстарды жүргізу үшін Платформаға қолжетімділікті уақытша шектеуге құқылы.
11.4. «Astana Bilim Academy» ЖШС техникалық ақаулықтар туындаған кезде Платформаның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ақылға қонымды шараларды қабылдайды.
11.5. Платформаның жекелеген функциялары техникалық себептерге, байланыс операторларының, хостинг-провайдерлердің, бағдарламалық қамтылым әзірлеушілерінің әрекеттеріне немесе тікелей «Astana Bilim Academy» ЖШСға байланысты емес өзге де мән-жайларға байланысты уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
12. Қолжетімділікті шектеу және тоқтату
12.1. «Astana Bilim Academy» ЖШС мынадай жағдайларда пайдаланушының Платформаға қолжетімділігін уақытша шектеуге немесе тоқтатуға құқылы: осы Келісімді бұзу; есептік деректерді үшінші тұлғаға беру; рұқсатсыз қолжетімділік алуға әрекеттену; зияткерлік меншік құқықтарын бұзу; білім беру материалдарын тарату; Платформаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер жасау; Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу.
12.2. Қолжетімділікті шектеу ақылы курстан өтуге байланысты болған жағдайда, мұндай шектеудің салдары Жария оферта шартымен де айқындалады.
12.3. Платформаға қолжетімділіктің тоқтатылуы пайдаланушыны қолжетімділік тоқтатылғанға дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
13. «Astana Bilim Academy» ЖШСның өзге құжаттарымен өзара байланысы
13.1. Осы Келісім Платформаны цифрлық ресурс ретінде пайдалануды реттейді.
13.2. Ақылы білім беру қызметтерін көрсету талаптары Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы жеке жария оферта шартымен реттеледі.
13.3. Дербес деректерді өңдеу және қорғау тәртібі Құпиялылық саясатымен және Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісіммен реттеледі.
13.4. Осы Келісім мен Жария оферта шарты арасында білім беру қызметтерін көрсету талаптары бөлігінде қайшылық туындаған жағдайда Жария оферта шартының ережелері қолданылады.
13.5. Платформаны пайдалануға тікелей қатысты және Жария оферта шартымен реттелмеген мәселелер осы Келісіммен реттеледі.
14. Келісімді қабылдау
14.1. Платформаны пайдалануды бастамас бұрын пайдаланушы осы Келісіммен танысуы тиіс.
14.2. Платформада тіркелу кезінде осы Келісімді қабылдау «Мен Пайдаланушы келісімін қабылдаймын» деген белгіні қою, тиісті түймені басу немесе Платформа интерфейсінде көзделген және Келісімді қабылдағанын нақты растайтын өзге де әрекетті жасау арқылы расталуы мүмкін.
14.3. Пайдаланушы осы Келісіммен келіспеген жағдайда, ол Келісімді қабылдау міндетті болып табылатын функциялар бөлігінде Платформаны пайдалануға құқылы емес.
14.4. Келісімді қабылдау фактісі «Astana Bilim Academy» ЖШСның ақпараттық жүйесінде күнін, уақытын, пайдаланушының есептік жазбасын және Келісімнің редакциясын көрсете отырып тіркелуі мүмкін.
15. Келісімді өзгерту
15.1. «Astana Bilim Academy» ЖШС осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
15.2. Келісімнің жаңа редакциясы Платформада орналастырылады және жаңа редакцияда көрсетілген күннен бастап немесе өзге мерзім белгіленбесе, ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
15.3. Келісімнің алдыңғы редакциясын қабылдаған пайдаланушылар үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше жол берілмесе, өзгерістер оларды Платформада көзделген тәртіппен қабылдаған сәттен бастап қолданылады.
15.4. «Astana Bilim Academy» ЖШС Келісімнің алдыңғы редакцияларының мұрағатын сақтауға құқылы.
16. Жауапкершілік
16.1. Пайдаланушы осы Келісімді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
16.2. Пайдаланушы өзінің есептік жазбасын пайдалана отырып жасалған әрекеттер үшін, мұндай әрекеттердің оның қатысуынсыз және кінәсіз жасалғанын дәлелдемесе, жауапты болады.
16.3. «Astana Bilim Academy» ЖШС мынадай себептерден туындаған зиян үшін жауапты болмайды: пайдаланушының Платформаны пайдалану қағидаларын бұзуы; пайдаланушының авторизация деректерін үшінші тұлғаларға беруі; ақаулы жабдықты пайдалану; интернет байланысының болмауы немесе тиісті сапада болмауы; бөгде сервистер мен байланыс операторларының әрекеттері; еңсерілмейтін күш мән-жайлары; тікелей «Astana Bilim Academy» ЖШСға байланысты емес өзге де мән-жайлар.
16.4. Жауапкершілікті шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шекте қолданылады.
17. Қорытынды ережелер
17.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
17.2. Осы Келісіммен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жария оферта шартымен және «Astana Bilim Academy» ЖШСның өзге де қолданыстағы құжаттарымен реттеледі.
17.3. Осы Келісімнің жекелеген ережесінің жарамсыздығы оның қалған ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқтырмайды.
17.4. Платформаны пайдалануға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы, ал келісімге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
17.5. Осы Келісім пайдаланушыға қатысты оны қабылдаған сәттен бастап Платформаны пайдалануды тоқтатқанға немесе Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
Деректемелер
«Astana Bilim Academy» ЖШС
БСН: 250640007207
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Асфендияров көшесі, 8-үй, 362-пәтер/кеңсе
Ресми сайт: https://astanabilim.kz
LMS: https://lms.astanabilim.kz
Электрондық пошта: info@astanabilim.kz
Басшы: Арыков Арман Асқарұлы