Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Сыртқы іс-шаралар

Вебинар жазбасы: How to Apply for IATEFL — Үндістан мен Қазақстан өкілдерінің тәжірибесі

2026 жылғы 15 қыркүйекте ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «How to Apply for IATEFL: Scholarship Journey, Proposal Writing, and Practical Recommendations for Teachers and Teacher-Researchers» атты тегін вебинар өтті.

Вебинар барысында Үндістан мен Қазақстаннан екі педагог IATEFL халықаралық кәсіби мүмкіндіктеріне қатысу тәжірибесімен және стипендияға өтінім беру жолымен бөлісті.

Кездесудің негізгі спикері — Dr. K.M.C. Kandharaja (India), Trinity College London Teacher Trainer Scholarship 2026 стипендиясының иегері және Брайтон қаласында өткен IATEFL 2026 конференциясының қатысушысы.

Өз баяндамасында Dr. Kandharaja педагогикалық тәжірибені зерттеу идеясынан бастап, халықаралық конференцияға сәтті өтінім беріп, стипендия иеленуге дейінгі жолы туралы айтып берді.

Вебинар барысында қатысушылар:

📌 IATEFL ұсынатын стипендиялардың ішінен өзіне сәйкес мүмкіндікті қалай таңдау керектігін;

📌 мықты өтінім мен conference proposal қалай дайындауға болатынын;

📌 өз педагогикалық тәжірибесі мен нақты білім беру контекстіне сүйенудің маңызын;

📌 өзінің педагогикалық тәжірибесін зерттеу халықаралық баяндамаға қалай негіз бола алатынын;

📌 өтінімді алдын ала дайындап, әріптестерден кері байланыс алудың маңызын;

📌 өтінім қабылданбаған жағдайда да талпынысты тоқтатпай, қайта өтінім беруді жалғастыру қажеттігін білді.

Спикер халықаралық конференцияда баяндама жасау үшін міндетті түрде PhD дәрежесінің болуы қажет емес екенін ерекше атап өтті. Ең маңыздысы — нақты кәсіби тәжірибе, маңызды зерттеу сұрағы және өз білім беру ортаңызда не өзгергенін көрсете алатын дәлелдер.

Қазақстандық тәжірибе: Әсел Мәмбетбаева

Вебинардың екінші бөлімінде өз тәжірибесімен Әсел Мәмбетбаева (Қазақстан) — ағылшын тілі мұғалімі, IELTS оқытушысы, педагогтер тренері және RainSEED Educational Centre басшысы бөлісті.

Әсел IATEFL TEASIG First Time Delegate Scholarship 2027 стипендиясының жеңімпазы атанып, Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтетін IATEFL 2027 конференциясына қатысады.

Кездесу барысында ол стипендияны қалай таңдағаны, өтінім мен эссені қалай дайындағаны, қандай талаптарды орындау қажет болғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі оқушылармен және педагогтермен жұмыс істеу тәжірибесінің оның кәсіби тарихының маңызды бөлігіне айналғанын бөлісті.

Оның тәжірибесі мұндай халықаралық мүмкіндіктердің тек университет зерттеушілеріне немесе ғылыми дәрежесі бар мамандарға ғана арналмағанын көрсетті. Қарапайым мұғалімнің нақты тәжірибесі, өз қауымдастығындағы мәселелермен жұмыс істеуі және жинақтаған білімін басқалармен бөлісуге деген ұмтылысы да халықаралық өтінімнің мықты негізі бола алады.

🎥 Вебинарға қатыса алмадыңыз ба?

Dr. K.M.C. Kandharaja және Әсел Мәмбетбаева қатысқан кездесудің толық бейнежазбасы YouTube платформасында қолжетімді:

▶️ [Вебинар жазбасын YouTube-та көру] 

Бұл вебинар ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуына арналған вебинарлар сериясының алғашқы кездесуі болды.

Жаңалықтарымызды қадағалаңыз — алда жаңа вебинарлар, халықаралық мүмкіндіктер және түрлі елдердегі педагогтер мен сарапшылармен кездесулер өтеді.

Басқа жаңалықтар

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Әрі қарай оқу
Astana Bilim Academy мен ATENK ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Astana Bilim Academy мен ATENK ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Astana Bilim Academy мен Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл қаласы ағылшын тілі мұғалімдерінің «ATENK» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Әрі қарай оқу
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Astana Bilim Academy Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Astana Bilim Academy Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ынтымақтастық Астана қаласы педагогтерінің және елорданың білім беру ұйымдарының кәсіби әлеуетін дамытуға, әдістемелік және зерттеу қызметін нығайтуға, сондай-ақ заманауи білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған.

Әрі қарай оқу