Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Сыртқы іс-шаралар

World of 8 Billion 2026–2027 — оқушыларға арналған жүлдесі 1 200 АҚШ долларына дейінгі халықаралық бейнебайқау

Америкалық Population Connection коммерциялық емес ұйымы өткізетін World of 8 Billion Student Video Contest 2026–2027 халықаралық бейнебайқауына жұмыстар қабылдау басталды. Қазақстандық оқушылар жаһандық мәселелердің бірін шешуге бағытталған қысқа бейнеролик ұсынып, байқауға қатыса алады. Қатысу тегін. Жұмыстар 2027 жылғы 3 наурызға дейін қабылданады.

Байқау туралы


Қатысушылар ұзақтығы 60 секундтан аспайтын бейнеролик түсіріп, биылғы тақырыптардың бірін ашып көрсетуі және тұрақты шешім ұсынуы керек.


2026–2027 жылғы байқау тақырыптары

 Қатысушылар үш бағыттың бірін таңдайды:

  •  Қалалық жоспарлау — қолайлы, қауіпсіз және тұрақты қалаларды дамыту.
  • Тұщы суды пайдалану — су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану.
  • Экстремалды ауа райы құбылыстары — қауіптерді азайту және олардың салдарына бейімделу.

 

Міндетті талап — халық санының өсуі таңдалған мәселеге қалай әсер ететінін түсіндіру. Қатысушылар өз идеясын ұсына алады немесе қолданыстағы шешім туралы баяндай алады.


Кімдер қатыса алады?

 Байқауға әлемнің кез келген елінен, соның ішінде Қазақстаннан 6–12 сынып оқушылары немесе соған сәйкес білім деңгейінде оқитындар қатыса алады.

 

Жеке немесе командамен қатысуға болады. Командадағы оқушылар санына шектеу қойылмаған, алайда ұйымдастырушылар 2–4 адамнан тұратын топтарды ұсынады. Жұмыстар онлайн қабылданады.


Жүлделер

Жұмыстар үш тақырыптың әрқайсысы бойынша екі жас санатында бөлек бағаланады.

 

Жоғары сыныптар санаты — 9–12 сыныптар:

бірінші орын — 1 200 АҚШ доллары;

екінші орын — 600 АҚШ доллары;

екі ынталандыру жүлдесі — әрқайсысы 300 АҚШ доллары.

 

Орта сыныптар санаты — 6–8 сыныптар:

бірінші орын — 600 АҚШ доллары;

екінші орын — 300 АҚШ доллары.

 

Халықаралық финалистерге де жүлделер қарастырылған: жоғары сыныптар санатында 80 АҚШ доллары, орта сыныптар санатында 50 АҚШ доллары. Сонымен қатар өңірлік марапаттар беріледі.

 

Бейнероликке қойылатын талаптар

 Бейнеролик:

  •  60 секундтан аспауы;
  •  биылғы тақырыптардың бірін ашып көрсетуі;
  •  таңдалған мәселенің халық санының өсуімен байланысын түсіндіруі;
  •  тұрақты шешім ұсынуы;
  •  тексерілген, шынайы ақпаратқа негізделуі;

 

музыка, суреттер және басқа материалдарды пайдалану жөніндегі ұйымдастырушы талаптарына сәйкес болуы керек.

 

Бөлек берілетін бес секундтық кіріспе титр мен соңындағы дереккөздер көрсетілген слайд негізгі 60 секундтық уақытқа кірмейді.

 

Бейнероликті қазақ немесе орыс тілінде дайындауға болады, бірақ ағылшын тіліндегі субтитрлер міндетті түрде қосылуы керек. Ағылшын тіліндегі бейнероликтер де қабылданады.

 

Жұмысты қалай жіберуге болады?

✅ Байқау сайтындағы ережелермен және бағалау критерийлерімен танысу.

✅ Тақырып таңдап, дереккөздерді зерттеу және сценарий дайындау.

✅ Талаптарға сәйкес бейнеролик түсіріп, монтаждау.

✅ Қажетті нысандарды толтырып, жұмысты сайт арқылы жіберу.

 

Қазақстаннан қатысатын барлық оқушы ұйымдастырушының нысаны бойынша ата-анасының немесе заңды өкілінің қолы қойылған келісімді қоса беруі керек. Финалистерден қосымша рұқсат нысандары талап етіледі.

 

Жұмыс қабылдау мерзімі

 Соңғы мерзім — 2027 жылғы 03 наурыз, АҚШ-тың шығыс уақытымен (ET) сағат 23:59.

 

Байқауды география, биология, жаратылыстану, ағылшын тілі және медиасауаттылық бойынша жобалық жұмысқа енгізуге болады. Бейнеролик дайындау жаһандық мәселені зерттеуді, дереккөздерді тексеруді, сценарий жазуды және медиөнім жасауды біріктіруге мүмкіндік береді.

 

Байқаудың ресми парақшасы:

https://www.worldof8billion.org/video-contest/ 

 

Қатысу ережелері:

https://www.worldof8billion.org/video-contest/rules-and-guidelines/ 

 

Ата-ананың келісім нысандары:

https://www.worldof8billion.org/video-contest/consent-forms/ 

 

Бейнероликті жіберу:

https://www.worldof8billion.org/video-contest/submit-your-video 

Басқа жаңалықтар

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!

Освойте создание интерактивных заданий, учебных страниц и цифровых инструментов для своих уроков с помощью искусственного интеллекта — без предварительного опыта программирования.

Әрі қарай оқу
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Әрі қарай оқу
фоникс
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Phonics for Teachers: старт 5 октября — 14 400 ₸ по акции

Как научить младших школьников читать и писать на английском языке? Astana Bilim Academy приглашает на курс «Phonics for Teachers: обучение учащихся начальной школы чтению и письму на английском языке».

Әрі қарай оқу