UNESCO IITE білім берудегі генеративті жасанды интеллект бойынша сарапшы іздейді
ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институты (UNESCO IITE) «Generative AI in Education» атты нұсқаулықты әзірлейтін жеке сарапшыны іріктеу байқауын жариялады.
Сарапшы ағылшын тілінде көлемі кемінде 30 бет болатын нұсқаулық дайындауы керек. Құжат ЮНЕСКО-ның жасанды интеллект саласындағы құзыреттер шеңберіне негізделіп, келесі мәселелерді қамтуы тиіс:
- жасанды интеллектіні оқыту мен оқу үдерісіне енгізудегі қиындықтар;
- педагогтер мен білім алушылардың ЖИ құзыреттерін дамыту;
- генеративті ЖИ-дің білімге ықпалын талдау;
- ЖИ-ді білім беру тәжірибесінде қолдану бойынша ұсынымдар.
Нұсқаулықтың алғашқы нұсқасын 2026 жылғы 23 қарашаға дейін, ал соңғы нұсқасын 2026 жылғы 20 желтоқсанға дейін тапсыру қажет.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Үміткер:
- білім беру немесе әлеуметтік ғылымдар саласында магистр дәрежесіне ие болуы;
- білім беру саласында кемінде бес жыл зерттеу тәжірибесі болуы;
- қажетті цифрлық құзыреттерді меңгеруі;
- ағылшын тілін еркін білуі тиіс.
Өтінімді қалай беруге болады?
Ағылшын тіліндегі өтінімге мыналар кіруі керек:
- өзекті түйіндеме;
- үміткердің тәжірибесі мен біліктілігі туралы ақпарат;
- тапсырманы орындаудың ұсынылатын тәсілі;
- АҚШ долларымен көрсетілген жұмыс құны.
📅 Өтінім берудің соңғы мерзімі — 2026 жылғы 12 қазан.
📩 Өтінімді мына электрондық поштаға жіберу
қажет:
o.akimov@unesco.org
Ресми ақпарат:


