Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша үш тілдегі нұсқаулық
Зерттеу сұрағын қалай тұжырымдауға болады? Әдебиетке шолуды қалай жүргізіп, зерттеу әдістерін таңдап, деректерді жинап және талдауға болады?
«Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе» (An Introduction to Educational Research Methods) нұсқаулығын доктор Элейн Уилсон (Dr Elaine Wilson) және профессор Айжана Абибулаева (Professor Aizhana Abibulayeva) әзірлеген.
Материал үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Нұсқаулықта білім беру саласындағы зерттеудің негізгі кезеңдері қарастырылады: зерттеу сұрағын тұжырымдау, әдебиетке шолу жасау, зерттеу дизайны мен этикасы, деректерді жинау және талдау, сапалық және сандық әдістер, зерттеу жұмысын жазу. Жеке тараулар іс-әрекеттегі зерттеуге (Action Research) және кейс-стади әдісіне (Case Study) арналған.
Нұсқаулық әсіресе мұғалімдерге, зерттеуді енді бастап жүрген зерттеушілерге, магистранттар мен докторанттарға пайдалы болады.
IntroductionToEducationalResearchMethods301116.pdf
Түпнұсқа атауы: An Introduction to Educational Research Methods
Авторлары: Dr Elaine Wilson, Professor Aizhana Abibulayeva
Баспагерлер: Faculty of Education, University of Cambridge; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; British Council
Лицензия: материал өзгеріссіз Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivs 3.0 (CC BY-NC-ND 3.0) лицензиясы бойынша орналастырылған. Басылымда өзгеше белгіленген элементтер бұған кірмейді: оларға құқықтар тиісті құқық иеленушілерге тиесілі.
Пайдалану шарттары: нұсқаулықты коммерциялық емес мақсатта тегін жүктеп алуға және таратуға болады. Бұл ретте файлды өзгеріссіз сақтап, авторлар мен лицензияны көрсету қажет.
Astana Bilim Academy нұсқаулықтың авторы, баспагері немесе құқық иеленушілердің серіктесі емес. Нұсқаулық мұғалімдерге арналған ашық білім беру ресурсы ретінде орналастырылған.


