Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары
Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Курстар педагогтердің әдістемелік, пәндік және зерттеушілік құзыреттерін практикалық тұрғыдан дамытуға бағытталған. Оқу онлайн форматта, өзіңізге ыңғайлы қарқында өтеді.
Қолжетімді бағдарламалар
📘 Teaching IELTS
IELTS емтиханына оқушыларды дайындайтын немесе осы бағытта жұмысын бастауды жоспарлап жүрген мұғалімдерге арналған практикалық курс.
Екі нұсқаның бірін таңдауға болады:
🌍 Teaching IELTS — Robert Douglas Sim
Ағылшын тілінің ана тілінде сөйлейтін тренермен курс.
👩🏫 Teaching IELTS — Сауле Сералимова және Сандугаш Исмаилова
Қазақстандық тренерлермен IELTS оқыту әдістемесіне бағытталған практикалық курс.
📗 Pre-CELTA: ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша дайындық курсы
Заманауи ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша білімін жүйелеп, CELTA-ның негізгі тәсілдерімен танысқысы келетін мұғалімдерге арналған қазақ тіліндегі курс.
📙 Teaching Grammar Communicatively
Грамматиканы коммуникативтік тәсілмен оқытуға арналған, CELTA әдістемесі мен тәсілдеріне негізделген практикалық курс.
Курс грамматиканы тек ережені түсіндіру арқылы емес, контекст, коммуникация және практикалық тапсырмалар арқылы оқытуды көрсетеді.
📕 Phonics for Teachers: Teaching Early Reading and Writing to Young English Learners
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істейтін және ағылшын тілінде оқу мен жазуды үйрететін мұғалімдерге арналған курс.
🔎 Exploratory Action Research
Өз педагогикалық тәжірибесін зерттегісі келетін мұғалімдерге арналған курс.
Қатысушылар кәсіби мәселені анықтауды, зерттеу сұрағын құрастыруды, деректерді жинау мен талдауды және алынған нәтижелерді оқытуды жақсарту үшін пайдалануды үйренеді.
Курс teacher-researcher ретінде дамығысы келетін және Action Research тәсілін өз тәжірибесінде жүйелі қолдануды жоспарлайтын педагогтерге пайдалы.
Оқу форматы
💻 онлайн
⏱ өзіңізге ыңғайлы қарқында оқу
📚 практикалық бағыттағы материалдар
🎓 курс аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру туралы сертификат
✅ бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген
📋 педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады


