Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Astana Bilim Academy жаңалықтары

OPEN курстары ҚР Оқу-ағарту министрлігімен ресми түрде келісілді

Халықаралық OPEN — Online Professional English Network курстарына негізделген 6 біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен 2023–2026 жылдары келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізіміне ресми түрде енгізілді. Курстарға қатысу тегін, іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі.

OPEN курстары ҚР Оқу-ағарту министрлігімен ресми түрде келісілді

Astana Bilim Academy халықаралық OPEN — Online Professional English Network курстарына негізделген біліктілікті арттыру курстарының алты білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен 2023–2026 жылдары келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізіміне ресми түрде енгізілгенін қуана хабарлайды.

https://https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/900713?lang=kk 

Тізімге келесі бағдарламалар енгізілді:

  1. Introduction to Contemporary English Language Teaching Methods — 80 академиялық сағат
  2. Teaching English Academic Writing to Speakers of Other Languages — 80 академиялық сағат
  3. Teaching Grammar Communicatively — 80 академиялық сағат
  4. Professional Development for Teacher Trainers — 80 академиялық сағат
  5. Using Educational Technology — 80 академиялық сағат
  6. Creating and Implementing Online Courses — 80 академиялық сағат

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар екі сертификат ала алады:

— OPEN курсын аяқтағаны туралы халықаралық сертификат;
— Astana Bilim Academy беретін және «Ұстаз» платформасы арқылы Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркелетін біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификат.

Astana Bilim Academy сертификатын педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолданыстағы талаптарына сәйкес аттестаттаудан өту кезінде ұсына алады.

Осылайша, аталған бағдарламалар OPEN курстарының халықаралық мазмұнын және Қазақстанда ресми танылатын педагогтердің біліктілігін арттыру форматын біріктіреді. Бұл мұғалімдерге заманауи халықаралық тәсілдер мен білім беру ресурстарына қол жеткізуге, сондай-ақ оқу нәтижелерін педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестаттауының ұлттық жүйесі аясында растауға мүмкіндік береді.

Курстарға қатысу тегін, қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Өтінім беру мерзімдері, іріктеу тәртібі және қатысу шарттары туралы ақпарат Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің ресми сайтында жарияланады.

Бағдарламаларды Astana Bilim Academy Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ынтымақтастықта жүзеге асырады.

Басқа жаңалықтар

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!

Освойте создание интерактивных заданий, учебных страниц и цифровых инструментов для своих уроков с помощью искусственного интеллекта — без предварительного опыта программирования.

Әрі қарай оқу
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Әрі қарай оқу
фоникс
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Phonics for Teachers: старт 5 октября — 14 400 ₸ по акции

Как научить младших школьников читать и писать на английском языке? Astana Bilim Academy приглашает на курс «Phonics for Teachers: обучение учащихся начальной школы чтению и письму на английском языке».

Әрі қарай оқу