Astana Bilim Academy LMS-платформасында оқу қалай өтеді?
❓ Курс аттестацияға жарамды ма?
✅ Astana Bilim Academy біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтерді аттестаттацияға жарамды.
❓ Оқуды қашан бастай аламын?
📚 Курстың ақысын төлегеннен кейін оқуды кез келген күні бастауға болады.
Төлем жасалғаннан кейін біздің менеджер сізді курсқа тіркейді, содан кейін сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта бірден оқуды бастай аласыз.
❓ Платформаға қолжетімділікті қалай аламын?
💻 Төлем жасап, курсқа тіркелгеннен кейін менеджер сізге Astana Bilim Academy LMS-платформасына кіруге қажетті деректерді береді.
❓ Оқу қандай форматта өтеді?
💻 Оқу толықтай қашықтан және өз бетінше оқу форматында өтеді. Сіз оқу материалдарын өзіңізге ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты өз қарқыныңызбен өте аласыз.
❓ Сабақтарға белгілі бір уақытта қосылу керек пе?
Жоқ. Оқу өз бетінше өтетіндіктен, сабақтарға белгіленген кесте бойынша қосылудың қажеті жоқ.
Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласыз.
❓ Zoom арқылы сабақтар өткізіле ме?
Жоқ. Барлық оқу материалдары LMS-платформада орналастырылған.
Курс толықтай қашықтан өтеді және Zoom-ға қосылуды қажет етпейді.
❓ Курсты қандай құрылғыдан өтуге болады?
📱 Курсты компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон арқылы өтуге болады.
Бейнесабақтар мен оқу материалдарын ыңғайлы көру үшін компьютер немесе ноутбук пайдалануды ұсынамыз.
❓ Платформадағы курс қалай ұйымдастырылған?
📚 Курс ретімен өту қажет модульдер мен оқу материалдарынан тұрады.
Курс құрамына бейнесабақтар, мәтіндер, презентациялар, қосымша ресурстар, практикалық тапсырмалар және тесттер кіреді.
❓ Курстың ұзақтығы қанша?
⏱️ Курстың ұзақтығы — 72 немесе 80 академиялық сағат.
❓ Курсты қанша уақытта аяқтау керек?
📅 Ұсынылатын оқу мерзімі — 2 апта.
Сонымен қатар курс материалдарына қолжетімділік автоматты түрде 1 айға беріледі, сондықтан курсты өзіңізге ыңғайлы қарқында өте аласыз.
❓ Курсты бір ай ішінде аяқтап үлгермесем не істеу керек?
🔄 Курсқа қолжетімділікті тегін ұзартуға болады.
Ол үшін менеджерге жазып, қолжетімділікті ұзартуды сұрасаңыз жеткілікті.
❓ Курс материалдарын жүктеп алуға бола ма?
📚 Иә. Курста орналастырылған оқу ресурстарын, презентацияларды және қосымша материалдарды жүктеп ала аласыз.
🎥 Бейнесабақтарды тек платформада көруге болады, оларды жүктеп алу мүмкін емес.
❓ Оқу барысында тесттер бар ма?
📝 Иә. Курс барысында бірнеше тестілеу кезеңі қарастырылған:
✅ Модульдер бойынша шағын тесттер — меңгерілген материалды қаншалықты түсінгеніңізді тексеруге көмектеседі.
✅ Қорытынды тест — курстың барлық модульдерін аяқтағаннан кейін өткізіледі және жауап нұсқалары бар 50 сұрақтан тұрады.
🎯 Курсты сәтті аяқтау үшін қорытынды тесттен кемінде 50% жинау қажет.
❓ Қандай сертификат аламын?
🎓 Курсты сәтті аяқтағаннан кейін сіз 80 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификат аласыз.
Берілген сертификат туралы мәліметтер ҰБДҚ | «Ұстаз» жүйесінде тіркеледі.
Astana Bilim Academy сертификатының үлгісі.
❓ Сертификатты қашан аламын?
🎓 Сертификат қорытынды тестті сәтті аяқтағаннан кейінгі ең жақын жұма күні беріледі.
Егер қорытынды тестті жұма күні аяқтасаңыз, сертификат тестті сәтті тапсырғаннан кейін бірден қолжетімді болады.
✅ Сертификатты алғаннан кейін оның нөмірі ҰБДҚ | «Ұстаз» базасында тіркеледі.


