Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy

Global Teacher Prize байқауына өтінімді қалай дайындауға болады: Айгүл Ишанғалиевамен вебинар

2026 жылғы 15 қазанда Astana Bilim Academy Айгүл Мақсотовна Ишанғалиевамен вебинар өткізеді. Ол — Global Teacher Prize 2023 байқауының үздік 50 финалисінің бірі және «Үздік педагог — 2020» республикалық байқауының жеңімпазы.

Вебинар Global Teacher Prize байқауына өтінім дайындауға арналады. Айгүл өз тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық жұмысты халықаралық қазылар алқасына таныстырғанда неге назар аудару керектігін айтып береді.

Вебинарда мына мәселелерді талқылаймыз:

  • өтінімге дайындықты неден бастау керек;

  • қандай жобаларды, жетістіктер мен нәтижелерді таңдау керек;

  • өтінімдегі сұрақтарға қалай нақты әрі дәлелді жауап беру керек;

  • жұмысыңыздың оқушыларға және педагогикалық қауымдастыққа әсерін қалай көрсетуге болады.

Қатысушылар спикерге сұрақ қоя алады.

Күні: 2026 жылғы 15 қазан
Уақыты: Қазақстан уақытымен 16:00
Форматы: онлайн
Тілі: қазақ тілі
Ұйымдастырушы: Astana Bilim Academy

Қалай тіркелуге болады?

Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы вебинардың WhatsApp тобына қосылыңыз:

WhatsApp тобына сілтемесі 

Топқа қосылу вебинарға тіркелу болып есептеледі. Вебинарға қосылу сілтемесі мен ұйымдастыруға қатысты ақпаратты осы топта жариялаймыз.

Басқа жаңалықтар

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!

Освойте создание интерактивных заданий, учебных страниц и цифровых инструментов для своих уроков с помощью искусственного интеллекта — без предварительного опыта программирования.

Әрі қарай оқу
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Әрі қарай оқу
фоникс
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Phonics for Teachers: старт 5 октября — 14 400 ₸ по акции

Как научить младших школьников читать и писать на английском языке? Astana Bilim Academy приглашает на курс «Phonics for Teachers: обучение учащихся начальной школы чтению и письму на английском языке».

Әрі қарай оқу