Global Leadership Challenge 2026: University of Oxford және St. Gallen Symposium халықаралық бағдарламасы
Global Leadership Challenge (GLC) 2026 халықаралық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаны University of Oxford университетінің Social Sciences Division және Oxford Character Project бөлімдері St. Gallen Symposium ұйымымен бірлесіп өткізеді.
2026 жылы бағдарлама әлемнің әртүрлі елдерінен 100 қатысушыны біріктіреді. Қатысушылар нақты жаһандық мәселелер бойынша жұмыс істеп, жауапты көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама 2026 жылғы 10–14 желтоқсан аралығында толықтай онлайн форматта өтеді. Бес күн ішінде қатысушылар халықаралық командаларда жұмыс істеп, сарапшылар және тәжірибелі көшбасшылармен кездеседі, сондай-ақ нақты мәселелерді шешуге бағытталған жобалар әзірлейді.
Кімдер өтінім бере алады?
Бағдарламаға:
- магистратура және PhD студенттері;
- бакалавр дәрежесін алған жас мамандар;
- 21–30 жас аралығындағы үміткерлер;
- кез келген елдің азаматтары;
- кез келген академиялық және кәсіби бағыт өкілдері өтінім бере алады.
Бағдарлама білім беру, зерттеу, әлеуметтік жобалар, тұрақты даму және көшбасшылық салаларына қызығушылық танытатын студенттер мен жас мамандар үшін пайдалы мүмкіндік бола алады.
Қатысушылар қандай мүмкіндік алады?
Global Leadership Challenge бағдарламасы аясында қатысушылар халықаралық командада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, жауапты көшбасшылық дағдыларын дамытады, түрлі елдердің қатысушыларымен кәсіби байланыс орнатады және нақты жаһандық мәселені шешуге бағытталған жоба әзірлейді.
Бағдарламаны сәтті аяқтаған қатысушылар University of Oxford және St. Gallen Symposium атынан Certificate of Achievement алады.
Сонымен қатар, үздік үш команда 2027 жылғы сәуірде Швейцарияда өтетін 56th St. Gallen Symposium іс-шарасына Leaders of Tomorrow ретінде қатысуға шақырылуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, іріктелген қатысушылардың сапар және тұру шығындары өтеледі.
Өтінім беру үшін не қажет?
Үміткерлер келесі материалдарды ұсынуы қажет:
📄 CV;
🎓 студенттер үшін оқу орнында білім алып жатқанын растайтын құжат;
🎥 жауапты көшбасшылық тақырыбында ағылшын тіліндегі 40 секундқа дейінгі қысқа видео;
✍️ жауапты көшбасшылық тәжірибесі туралы 50 сөзге дейінгі қысқаша мысал.
Маңызды күндер мен ақпарат
📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 29 қыркүйек – 5 қараша 2026 жыл
🌍 Бағдарлама күндері: 10–14 желтоқсан 2026 жыл
💻 Формат: онлайн
👥 Қатысушылар саны: 100
🎓 Сертификат: University of Oxford және St. Gallen Symposium
Өтінімдер келіп түсуіне қарай қарастырылатындықтан, ұйымдастырушылар өтінімді соңғы күнге қалдырмауға кеңес береді.
Global Leadership Challenge 2026 — ресми сайт және өтінім беру
ℹ️ Astana Bilim Academy білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөліседі, бірақ олардың ұйымдастырушысы емес. Қатысу, тіркелу және қатысу шарттары бойынша жарияланымда көрсетілген сілтемелер немесе байланыс деректері арқылы ұйымдастырушыларға тікелей хабарласыңыз..


