Call for Papers: Journal for the Education of the Gifted (SAGE) журналының арнайы шығарылымы
SAGE баспасынан шығатын Journal for the Education of the Gifted журналы зерттеушілерді арнайы шығарылымға ғылыми мақалалар ұсынуға шақырады: “Toward a Global Understanding of Talent Development and Gifted Education” Арнайы шығарылым дарындылықты, жоғары әлеуетті және таланттарды дамытуды зерттеудегі жаһандық және мәдениетаралық тәсілдерге арналған.
Әртүрлі мәдени және білім беру контекстерінде жүргізілген зерттеулерге, соның ішінде батыстық емес елдерден (non-Western), Global South аймақтарынан және ғылыми әдебиетте тарихи тұрғыдан аз ұсынылған контекстерден келетін зерттеулерге ерекше назар аударылады.
Негізгі бағыттар
Авторлар келесі тақырыптар бойынша зерттеулер ұсына алады:
- әртүрлі елдер мен мәдениеттердегі дарындылық және таланттарды дамыту;
- таланттарды дамыту модельдерін салыстырмалы зерттеу;
- дарындылық туралы жергілікті және мәдени ерекшеліктерге негізделген түсініктер;
- көптілді және көпмәдениетті ортадағы gifted education;
- дарынды білім алушыларды қолдауға арналған білім беру саясаты мен жүйелік тәсілдер;
- білім алуға тең қолжетімділік және инклюзия;
- педагогтерді даярлау және олардың кәсіби дамуы;
- дарынды білім алушылардың әлеуметтік-эмоциялық дамуы мен әл-ауқаты;
- таланттарды дамытудағы отбасы мен қауымдастықтың рөлі;
- шығармашылық, инновациялар және кәсіпкерлік;
- таланттарды анықтау мен қолдаудағы технологиялар және онлайн орта.
Қандай материалдар қабылданады?
Арнайы шығарылымға келесі материалдар қабылданады:
- эмпирикалық зерттеулер — quantitative, qualitative және mixed methods;
- елдер мен өңірлерді салыстыратын зерттеулер;
- концептуалдық және теориялық мақалалар;
- мета-талдаулар;
- systematic, scoping және critical reviews;
- әдіснамалық мақалалар;
- білім беру саясатына арналған талдаулар;
- мықты теориялық негізі бар тәжірибеге бағытталған зерттеулер.
Барлық мақалалар gifted education және/немесе talent development саласымен нақты байланысты болуы және осы бағыттағы халықаралық ғылыми зерттеулерге үлес қосуы қажет.
Мақалаға қойылатын талаптар
Қолжазба Journal for the Education of the Gifted журналының авторларға арналған талаптарына сәйкес дайындалып, APA 7th edition стандарты бойынша рәсімделуі тиіс.
Барлық мақалалар double-blind peer review — қос жасырын рецензиялау рәсімінен өтеді. Бұл үдерісте авторлар мен рецензенттердің тұлғалары бір-біріне ашылмайды.
Мақаланы жіберу кезінде ілеспе хатта (cover letter) қолжазбаның келесі арнайы шығарылымға ұсынылатынын міндетті түрде көрсету қажет:
“Toward a Global Understanding of Talent Development and Gifted Education.”
Журналдың жалпы талаптарына сәйкес, қолжазба әдебиеттер тізімі, кестелер мен суреттерді қоса алғанда 25–35 бет көлемінде болуы тиіс.
Abstract көлемі — 100–150 сөз, сонымен қатар 4–5 кілт сөз көрсету қажет.
Жарияланым құны
Мақаланы жіберу және стандартты форматта жариялау — тегін.
Журнал мақала жібергені немесе стандартты жарияланым үшін ақы алмайды.
Open Access — автордың таңдауы бойынша ұсынылатын қосымша мүмкіндік және SAGE Choice бағдарламасы аясында бөлек төлемді талап етуі мүмкін.
Маңызды күндер
📅 Мақаланы жіберудің соңғы мерзімі — 20 қаңтар 2027 жыл
📅 Редакцияның алғашқы шешімі — 20 наурыз 2027 жыл
📅 Түзетілген нұсқаны жіберу — 20 маусым 2027 жыл
📅 Арнайы шығарылымның жоспарланған жариялануы — 20 қыркүйек 2027 жыл
Мақаланы қалай жіберуге болады?
Қолжазба Journal for the Education of the Gifted журналының ресми Sage Track / ScholarOne онлайн жүйесі арқылы жіберіледі.
Мақаланы жіберу кезінде cover letter ішінде арнайы шығарылымның атауын көрсетуді ұмытпаңыз:
“Toward a Global Understanding of Talent Development and Gifted Education.”
Қолжазбаны жібермес бұрын журналдың толық Author Guidelines талаптарымен танысу ұсынылады.
Арнайы шығарылым тақырыбына мақаланың сәйкестігіне қатысты сұрақтар бойынша шақырылған редакторларға хабарласуға болады:
Jesus Alfonso D. Datu, PhD
jadatu@eduhk.hk
Mavis Wu-jing He, PhD
mavishe@eduhk.hk
Ресми сілтемелер
Мақаланы жіберу:
https://mc.manuscriptcentral.com/jeg
Авторларға арналған талаптар:
https://journals.sagepub.com/author-instructions/jeg
Ресми Call for Papers:
https://journals.sagepub.com/page/jeg/call-for-papers


