Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Более 300 учителей английского языка завершили курс «AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher»

Более 300 учителей английского языка завершили курс «AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher»

Қазақстанда Ақмола облысы ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы (ARELTA) Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен және Astana Bilim Academy қатысуымен жүзеге асырған “AI and Action Research: A Hands-On Guide for the Modern English Teacher” ауқымды білім беру жобасы аяқталды.

Жоба аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінен 300-ден астам ағылшын тілі мұғалімі білім алды. Бағдарламаға қатысу тегін болды. Оқыту гибридті форматта өткізіліп, 72 академиялық сағатты құрады.

Бағдарлама мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін екі өзекті бағыт бойынша дамытуға бағытталды: ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану және өзінің педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеп, жетілдіру үшін «іс-әрекеттегі зерттеу» (Action Research) жүргізу. Мұғалімнің кәсіби қызметін қолдау, педагогикалық тәжірибені талдау және білім беру шешімдерін әзірлеу құралы ретінде ЖИ-ді саналы әрі тәжірибеге бағдарланған түрде қолдануға ерекше назар аударылды.

Курс барысында қатысушылар мұғалім жұмысында ЖИ-ді пайдаланудың практикалық құралдарымен, «іс-әрекеттегі зерттеудің» (Action Research) негіздерімен, зерттеу сұрақтарын әзірлеумен, деректерді жинау және талдау әдістерімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін оқытуды жетілдіру үшін қолдану тәсілдерімен танысты.

Оқыту Астана, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Семей, Ақтөбе және Петропавл қалаларында өтіп, еліміздің түрлі өңірлеріндегі педагогтерді біріктірді. Astana Bilim Academy жобаны жүзеге асыруға өтеусіз негізде қатысты, педагогтердің оқуын ұйымдастыруға және сүйемелдеуге қолдау көрсетті. Бағдарламаны сәтті аяқтап, курс талаптарын орындаған мұғалімдер Astana Bilim Academy-дің 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттарын алды. Берілген сертификаттар туралы мәліметтер «Ұстаз» платформасы арқылы Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркелді.

Жоба 300-ден астам ағылшын тілі мұғалімін оқытудың заманауи тәсілдері, педагогикалық зерттеу және білім беруде жасанды интеллектіні саналы пайдалану бағыттары төңірегінде біріктірді. Жобаның жүзеге асырылуы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуы саласындағы Ақмола облысы ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы (ARELTA), Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және Astana Bilim Academy ынтымақтастығының маңызды нәтижесіне айналды.

Сурет галереясы

Басқа жаңалықтар

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Вайбкодинг для учителя: купите курс по скидке до 5 октября!

Освойте создание интерактивных заданий, учебных страниц и цифровых инструментов для своих уроков с помощью искусственного интеллекта — без предварительного опыта программирования.

Әрі қарай оқу
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Astana Bilim Academy ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған онлайн біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және педагогтердің мемлекеттік аттестаттауында есепке алынады.

Әрі қарай оқу
фоникс
Astana Bilim Academy жаңалықтары

Phonics for Teachers: старт 5 октября — 14 400 ₸ по акции

Как научить младших школьников читать и писать на английском языке? Astana Bilim Academy приглашает на курс «Phonics for Teachers: обучение учащихся начальной школы чтению и письму на английском языке».

Әрі қарай оқу