Teaching English to Large Classes — преподавание английского в больших классах Курс подойдёт учителям, которые работают с большим количеством учеников, в том числе с разным уровнем владения английским языком. Участники познакомятся с подходами к планированию обучения, организации работы класса и повышению вовлечённости учащихся. В ходе обучения они подготовят подборку практических заданий для своих уроков. Формат: самостоятельное онлайн-обучение. Период обучения: 12 октября 2026 года — 4 января 2027 года. Регистрация: с 12 октября до 28 декабря 2026 года. English Language Teaching Methods — методы преподавания английского языка Курс разработан специалистами Института английского языка Университета Делавэра. Он посвящён принципам коммуникативного преподавания, организации работы класса и вовлечению учащихся. Участники смогут разработать планы уроков для развития языковых навыков и продумать, как делиться полученными знаниями с коллегами. Формат: онлайн-обучение с сопровождением. Период обучения: 26 октября — 30 ноября 2026 года. Регистрация: до 23 ноября 2026 года. Сертификат после обучения Участники, успешно завершившие MOOC OPEN с результатом не менее 70%, могут получить электронный сертификат и цифровой значок. Как зарегистрироваться? Ознакомьтесь с описанием выбранного курса на официальной странице OPEN и следуйте инструкциям по регистрации: Описание курсов и регистрация ℹ️ Astana Bilim Academy делится информацией об образовательных и профессиональных возможностях, но не является их организатором. По вопросам участия, регистрации и условий обращайтесь напрямую к организаторам по ссылкам или контактам, указанным в публикации.
OPEN бағдарламасы ағылшын тілі мұғалімдеріне екі тегін онлайн-курс ұсынады: ағылшын тілін оқыту әдістемесі және оқушы саны көп сыныптарда сабақ беру.
MOOC — жаппай ашық онлайн-курстар. Бұл формат педагогтерге оқу материалдарын қашықтан меңгеріп, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Teaching English to Large Classes — оқушы саны көп сыныптарда ағылшын тілін оқыту
Курс оқушы саны көп сыныптарда, соның ішінде ағылшын тілін меңгеру деңгейі әртүрлі оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған.
Қатысушылар оқытуды жоспарлау, сынып жұмысын ұйымдастыру және оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын арттыру тәсілдерімен танысады. Оқу барысында өз сабақтарында қолдануға болатын практикалық тапсырмалар жинағын әзірлейді.
Форматы: өз бетінше онлайн оқу.
Оқу кезеңі: 2026 жылғы 12 қазаннан 2027 жылғы 4 қаңтарға дейін.
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 12 қазаннан 28 желтоқсанға дейін.
English Language Teaching Methods — ағылшын тілін оқыту әдістері
Курсты Делавэр университетінің Ағылшын тілі институтының мамандары әзірлеген. Ол коммуникативтік оқыту қағидаттарына, сынып жұмысын ұйымдастыруға және оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тартуға арналған.
Қатысушылар тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған сабақ жоспарларын әзірлеп, алған білімдерін әріптестерімен бөлісу жолдарын қарастыра алады.
Форматы: оқу барысында қолдау көрсетілетін онлайн-курс.
Оқу кезеңі: 2026 жылғы 26 қазаннан 30 қарашаға дейін.
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 23 қарашаға дейін.
Курсты әзірлеуші: University of Delaware (Делавэр университеті, АҚШ).
Оқу аяқталғаннан кейінгі сертификат
OPEN MOOC курсын кемінде 70% нәтижемен сәтті аяқтаған қатысушылар электрондық сертификат пен цифрлық белгі ала алады.
Қалай тіркелуге болады?
OPEN бағдарламасының ресми парақшасында таңдаған курсыңыздың сипаттамасымен танысып, тіркелу нұсқаулығын орындаңыз:
Курстардың сипаттамасы және тіркелу
ℹ️ Astana Bilim Academy білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөліседі, бірақ олардың ұйымдастырушысы емес. Қатысу, тіркелу және қатысу шарттары жөніндегі сұрақтар бойынша жарияланымда көрсетілген сілтемелер немесе байланыс деректері арқылы ұйымдастырушыларға тікелей хабарласыңыз.


