Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Oxford University Press тегін онлайн-конференциясы
2026 жылғы 22–24 қазанда Oxford University Press баспасы ELTOC Chapter 13 — English Language Teaching Online Conference атты ағылшын тілін оқытуға арналған халықаралық онлайн-конференция өткізеді.
Үш күн бойы сарапшылар ағылшын тілін оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, сабақта қолдануға болатын идеялармен бөліседі. Бағдарламада жасанды интеллект және мұғалімнің рефлексиясы, әлеуметтік-эмоциялық оқыту, жобалық оқыту, оқушылардың ынтасын арттыру және жасөспірімдермен жұмыс істеу ерекшеліктері қамтылған.
Қатысу тегін. Қатысу сертификаты қарастырылған. Тіркелген барлық қатысушылар конференция аяқталғаннан кейін бейнежазбаларға қол жеткізе алады.
Тіркелу үшін бағдарламадағы қызықтыратын блоктарды таңдап, тіркелу нысанын толтырып, Register Now батырмасын басу қажет.


