Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған British Council тегін онлайн конференциясы
2026 жылғы 19–30 қазан аралығында TeachingEnglish British Council платформасы ұйымдастыратын ASEAN TeachingEnglish Online Conference 2026 халықаралық онлайн конференциясы өтеді.
2026 жылғы конференцияның тақырыбы — “Teaching with purpose: Quality, equity and human connection in English education”.
Екі апта бойы ағылшын тілі мұғалімдері, тренерлер мен зерттеушілер ағылшын тілін оқытудың өзекті мәселелеріне арналған онлайн сессияларға қатыса алады.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
— ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану;
— бағалау мен кері байланыстың заманауи тәсілдері;
— инклюзивті білім беру;
— білім алушыға бағытталған оқыту және оқушы дербестігін дамыту;
— мұғалімдердің кәсіби дамуы;
— кәсіби қауымдастықтар;
— мұғалімдер мен білім алушылардың әл-ауқаты.
Шақырылған сарапшылар қатарында Lancaster University, University of Warwick, UNESCO, SEAMEO RELC және басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері бар.
Конференция толығымен онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздеріне қызықты вебинарларды таңдап, жекелеген сессияларға қосыла алады. Конференцияның бірінші және екінші аптасына бөлек тіркелу қарастырылған.
Қатысу және сертификат
Конференцияға қатысу тегін. TeachingEnglish вебинарлары әртүрлі елдерден қатысушылар үшін қолжетімді, сондықтан Қазақстан мұғалімдері де тіркеліп, іс-шараларға қатыса алады.
Zoom арқылы тіркеліп, вебинарға қатысқан қатысушыларға Certificate of Attendance беріледі. TeachingEnglish ақпараты бойынша, сертификат вебинардың тікелей эфирі аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде электрондық поштаға жіберіледі.
Конференция аяқталғаннан кейін вебинар жазбалары іс-шара парақшасында және TeachingEnglish YouTube арнасында жарияланады.
📅 Өтетін күндері: 19–30 қазан 2026 жыл
💻 Форматы: онлайн
💰 Қатысу құны: тегін
📜 Сертификат: Certificate of Attendance
Тіркелу және толық бағдарлама
https://www.teachingenglish.org.uk/teachers/webinars/asean-teachingenglish-online-conference-2026


