Тіл және жасанды интеллект туралы тегін халықаралық онлайн-дәріс
2026 жылғы 28 қыркүйекте тілдерді үйрену, оқыту және тілді жергілікті, ұлттық әрі жаһандық контексте қолдану мәселелеріне арналған Digital Talks on Language Awareness халықаралық кездесулер сериясының алғашқы дәрісі өтеді.
Онлайн-дәрістің тақырыбы:
Language Awareness and Linguistic Diversity: From the Early Days into the AI Era
«Тілдік саналылық және тілдік әртүрлілік: алғашқы зерттеулерден жасанды интеллект дәуіріне дейін».
Кездесу барысында тілдік саналылық бағытының қалыптасуы, тілдік әртүрліліктің білім берудегі маңызы және жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты туындайтын жаңа мәселелер қарастырылады.
Спикер
Профессор Клаудиа Финкбайнер — Тілдік саналылық халықаралық қауымдастығының (Association for Language Awareness) президенті.
Кездесу модераторы — қауымдастықтың атқарушы комитетінің мүшесі, профессор Петра Дарьяй-Хансен.
Кездесу кімдерге пайдалы?
Онлайн-дәріс:
- ағылшын тілі және басқа да тілдер мұғалімдеріне;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына;
- тілдік білім беру саласындағы зерттеушілерге;
- магистранттар мен докторанттарға;
- жасанды интеллектінің тіл мен білім беруге ықпалын зерттейтін мамандарға пайдалы болады.
Күні мен уақыты
📅 2026 жылғы 28 қыркүйек
🕗 Астана уақытымен 20:00–20:45
💻 Форматы: онлайн
🗣 Кездесу тілі: ағылшын тілі
Қатысу тегін. Алдын ала тіркелу қажет.
Кездесуді Association for Language Awareness Копенгаген университеті және Кассель университетімен бірлесіп ұйымдастырады.


