Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған 10 халықаралық конференция: өткізу мерзімдері, дедлайндар және ресми сілтемелер

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған 10 халықаралық конференция: өткізу мерзімдері, дедлайндар және ресми сілтемелер

Халықаралық конференциялар ағылшын тілі мұғалімдеріне заманауи зерттеулермен және әдістемелермен танысуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ өз зерттеуін немесе білім беру жобасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Astana Bilim Academy ELT, TESOL және қолданбалы лингвистика салаларындағы халықаралық конференциялар топтамасын дайындады. Топтамаға баяндамашылардан өтінім қабылдап жатқан конференциялармен қатар, жаңа Call for Proposals хабарландыруларын алдын ала қадағалау қажет ірі жыл сайынғы іс-шаралар да енгізілді.

Ақпарат 2026 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша өзекті.

1. IATEFL PronSIG Online Conference 2026

Тақырыбы: Global Perspectives on Pronunciation for Specific Purposes

Өткізілетін күні: 2026 жылғы 24 қазан
Форматы: онлайн
Өтінім берудің соңғы күні: 2026 жылғы 14 қыркүйек

Конференция арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілінің айтылымын оқыту мәселелеріне арналған. Ықтимал бағыттардың қатарында intelligibility, comprehensibility, fluency, кәсіби контексте айтылымды оқыту, бағалау, инклюзия және әртүрлі акценттерге қатысты көзқарастар бар.

Келесі қатысу форматтары қарастырылған:

  • презентация;
  • практикалық воркшоп;
  • постер;
  • Teachers’ Tips.

Өтінім беру үшін 12 сөзден аспайтын тақырып, 60 сөзге дейінгі аннотация және 30 сөзге дейінгі қысқаша өмірбаян дайындау қажет.

IATEFL PronSIG Online Conference 2026 ресми парақшасы

2. IATEFL International Conference 2027

Өткізілетін күндері: 2027 жылғы 6–9 сәуір
Өтетін орны: Бирмингем, Ұлыбритания

IATEFL International Conference — ағылшын тілін оқыту саласындағы мамандарға арналған ірі халықаралық конференциялардың бірі. Конференция жыл сайын мұғалімдерді, тренерлерді, әдіскерлерді, зерттеушілерді, оқу материалдарының авторларын, университеттердің, білім беру ұйымдарының және кәсіби қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.

Бағдарламаға баяндамалар, воркшоптар, панельдік талқылаулар, lightning talks және постерлік презентациялар кіреді.

IATEFL International Conference 2027 ресми сайты

Proposal беру парақшасы

3. TESOL International Convention 2027

Өткізілетін күндері: 2027 жылғы 15–18 наурыз
Өтетін орны: Хьюстон, Техас штаты, АҚШ

TESOL International Convention & Expo — ағылшын тілін оқыту саласындағы әлемдік деңгейдегі ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі. Конференция мұғалімдерге, зерттеушілерге, әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге және білім беру ұйымдарының басшыларына арналған.

2027 жылғы конференцияда баяндама жасауға өтінім қабылдау аяқталды. Жарияланған талаптарды, бағалау критерийлерін және өтінім авторларына арналған материалдарды зерттеп, келесі Call for Proposals хабарландыруын қадағалауды ұсынамыз.

TESOL International Convention ресми парақшасы

Proposal дайындауға арналған талаптар мен материалдар

4. JALT International Conference 2026

Өткізілетін күндері: 2026 жылғы 20–22 қараша
Өтетін орны: Нагоя, Жапония

Japan Association for Language Teaching халықаралық конференциясы тілдерді оқыту, бағалау, білім беру технологиялары, мұғалімдердің кәсіби дамуы, академиялық жазылым және қолданбалы лингвистика бағыттарын қамтиды.

2026 жылғы конференцияға өтінім қабылдау аяқталды. Ресми сайттан конференция бағдарламасын, спикерлер тізімін, қабылданған баяндамалардың тақырыптары мен сипаттамаларын зерттеуге болады. Бұл халықаралық конференциялардың талаптарын жақсы түсінуге және кәсіби көзқарасты кеңейтуге көмектеседі.

JALT International Conference 2026 ресми парақшасы

5. AAAL Conference 2027

Офлайн конференция: 2027 жылғы 13–16 наурыз, Атланта, АҚШ
Виртуалды күн: 2027 жылғы 16 сәуір, онлайн

American Association for Applied Linguistics конференциясы академиялық бағытқа басымдық береді. Ол қолданбалы лингвистика, тілдік білім беру, дискурс, көптілділік, тіл саясаты және бағалау салаларында жұмыс істейтін зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға арналған.

2027 жылғы конференцияға өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 шілдеде аяқталды. Келесі Call for Proposals хабарландыруын алдын ала қадағалау ұсынылады.

AAAL Conference 2027 ресми парақшасы

6. AsiaTEFL International Conference 2027

Өткізілетін күндері: 2027 жылғы 2–4 шілде, алдын ала белгіленген күндер
Өтетін орны: Sunway University, Куала-Лумпур, Малайзия
Өтінім берудің соңғы күні: 2026 жылғы 31 желтоқсан

Конференция тақырыбы:

Humanising ELT: Community, Agency and Meaningful Learning

Ұйымдастырушылар мұғалімдерді, оқытушыларды, зерттеушілерді, магистранттарды, докторанттарды және білім беру саясаты саласындағы мамандарды қатысуға шақырады.

Жеке баяндамаға, практикалық воркшопқа, симпозиумға немесе постерлік презентацияға өтінім беруге болады. Жеке өтінім үшін 25 сөзден аспайтын тақырып, көлемі 200–250 сөз болатын аннотация және әр автор туралы шамамен 50 сөзден тұратын қысқаша өмірбаян дайындау қажет.

AsiaTEFL 2027 ресми сайты

7. CamTESOL Conference

CamTESOL — ағылшын тілін оқыту саласындағы Азия-Тынық мұхиты өңірінің ең ірі жыл сайынғы конференцияларының бірі. Ол әртүрлі елдерден келген мұғалімдерді, тренерлерді, зерттеушілерді, білім беру ұйымдарының басшыларын және конференцияда алғаш рет баяндама жасайтын мамандарды біріктіреді.

Келесі конференцияның өткізілу күндері, тақырыптық бағыттары және аннотацияларды қабылдау мерзімдері жарияланатын ресми сайтты үнемі тексеріп отыруды ұсынамыз.

CamTESOL ресми сайты

8. Korea TESOL International Conference

Korea TESOL International Conference Оңтүстік Кореяда өтеді және ELT-тің әртүрлі бағыттары бойынша практикалық және зерттеуге негізделген баяндамаларды қабылдайды.

Конференция тақырыптарының қатарында әдетте келесі бағыттар болады:

  • ағылшын тілін оқыту әдістемесі;
  • бағалау және кері байланыс;
  • цифрлық технологиялар;
  • көптілділік;
  • кәсіби даму;
  • рефлексивті тәжірибе;
  • балалар мен жасөспірімдерді оқыту;
  • мұғалімнің кәсіби бірегейлігі.

Келесі Call for Proposals хабарландыруын Korea TESOL ресми сайтынан қадағалауды ұсынамыз.

Korea TESOL ресми сайты

9. BAAL Annual Conference

British Association for Applied Linguistics жыл сайынғы конференциясы зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға арналған.

Негізгі бағыттар:

  • қолданбалы лингвистика;
  • тілдерді оқыту және үйрену;
  • teacher education;
  • discourse analysis;
  • multilingualism;
  • assessment;
  • тіл саясаты;
  • академиялық жазылым.

BAAL Annual Conference ресми парақшасы

10. TESOL 2026 Virtual Convention

Өткізілетін күндері: 2026 жылғы 20–21 қараша
Форматы: толық онлайн
Мәртебесі: қатысушыларды тіркеу ашық

Баяндама жасауға өтінім қабылдау 2026 жылғы 8 маусымда аяқталды. Дегенмен конференцияға қатысушы ретінде тіркеліп, өзекті зерттеулермен және тәжірибелермен танысуға, халықаралық спикерлердің баяндамаларын көруге және TESOL қабылдайтын тақырыптарды зерттеуге болады.

Бағдарламада тікелей онлайн-баяндамалар және алдын ала жазылған баяндамалар қарастырылған.

2026 жылғы 19 қарашада магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге арналған TESOL 2026 Virtual Graduate Student Forum жеке өткізіледі.

TESOL 2026 Virtual Convention ресми парақшасы

Өтінім беруге қалай дайындалу керек?

Call for Proposals көбіне конференция басталғанға дейін 6–12 ай бұрын жабылады. Сондықтан дайындықты алдын ала бастаған жөн:

  1. Алдымен конференцияға қатысушы ретінде қатысыңыз.
  2. Өткен жылдардың бағдарламалары мен аннотацияларын зерттеңіз.
  3. Өзекті тақырыптар мен бағыттарды анықтаңыз.
  4. Сәйкес конференция мен баяндама форматын таңдаңыз.
  5. Зерттеу немесе шағын Action Research жүргізіңіз.
  6. Тақырыбыңыз бойынша басқа авторлардың жарияланымдарын оқыңыз.
  7. Деректер мен зерттеулерге негізделген proposal дайындаңыз.
  8. Талаптар мен бағалау критерийлерін мұқият оқыңыз.
  9. Өтінімді белгіленген мерзімге дейін жіберіңіз.

Бұл парақшаны сақтап, конференциялардың ресми сайттарын үнемі тексеріп отырыңыз. Өткізу күндері, қатысу талаптары мен өтінім беру мерзімдері өзгеруі мүмкін.

Сурет галереясы

Басқа жаңалықтар

Pearson Educator Awards 2026: оқытушыларға арналған халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау ашық

Pearson Educator Awards 2026: оқытушыларға арналған халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау ашық

Pearson Educator Awards 2026 халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Бұл сыйлық педагогтердің білім беруге қосқан үлесін, инновациялық тәжірибесін және білім алушыларға тигізген ықпалын атап өтуге бағытталған. Қазақстандық қатысушылар үшін әсіресе екі бағыт өзекті: ағылшын тілі оқытушыларына арналған English Language Learning және әртүрлі пәндер бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Higher Education бағыты. Ал басқа пәндерден сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне арналған K–12 бағыты 2026 жылы тек АҚШ қатысушылары үшін қолжетімді.

Әрі қарай оқу
UNESCO Coursera платформасында жасанды интеллект этикасы бойынша тегін онлайн-курс іске қосты

UNESCO Coursera платформасында жасанды интеллект этикасы бойынша тегін онлайн-курс іске қосты

UNESCO LG AI Research ұйымымен бірлесіп, жасанды интеллектіні этикалық және жауапты қолдану мәселелеріне арналған «Жасанды интеллект этикасы бойынша жаһандық MOOC» онлайн-курсын іске қосты.

Әрі қарай оқу
2026–2027 жылдарға арналған жаһандық мектептер сыйлығы: мектептерге 1 миллион доллар сыйақы

2026–2027 жылдарға арналған жаһандық мектептер сыйлығы: мектептерге 1 миллион доллар сыйақы

2026 жылғы қыркүйекте әлемнің түкпір-түкпіріндегі білім беруді өзгертіп, оқушылары мен қоғам үшін тиімді шешімдер ұсынып жүрген мектептерді қолдауға арналған Global Schools Prize 2026–2027 халықаралық сыйлығына өтінімдер мен номинациялар қабылдау басталады деп жоспарлануда. Сыйлықты Varkey Foundation қоры тағайындаған. Жалпы жүлде қоры — 1 миллион АҚШ доллары. Алғашқы байқаудың шарттарына сәйкес, он номинацияның әрқайсысында жеңіске жеткен мектеп 50 000 АҚШ долларын алады. Олардың арасынан бір мектеп бас жеңімпаз атанып, өз тәжірибесін дамыту және кеңейту үшін қосымша 500 000 АҚШ долларына ие болады.

Әрі қарай оқу