Astana Bilim AcademyAstana BilimAcademy
Английский язык

«Pre-CELTA: ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша дайындық курсы»

Pre-CELTA — ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесіне арналған, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және CELTA бағдарламасына дайындалуға бағытталған кешенді курс.

80 ак. сағ.
Академиялық сағат саны
Қашықтан
Оқу форматы
Орысша
Оқыту тілі
Бағдарламаны көру
18 000

Курс туралы

Курс сабақты жоспарлау, тілдік жүйелер мен дағдыларды оқыту, сыныпты басқару, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру, қателерді түзету, кері байланыс және кәсіби рефлексия бағыттарын қамтиды және толықтай қазақ тілінде жүргізіледі.

Курстың негізгі бағыттары

Курс аясында қатысушылар:

  • заманауи ағылшын тілін оқытудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін;
  • коммуникативтік тілді оқыту қағидаларын;
  • сабақтың мақсатын анықтау және тиімді сабақ жоспарын құруды;
  • PPP, Test–Teach–Test, Guided Discovery, Task-Based Learning және басқа сабақ модельдерін;
  • сабақ кезеңдерін және олардың өзара байланысын;
  • лексика, грамматика және айтылымды оқыту тәсілдерін;
  • Meaning, Form and Pronunciation (MFP) қағидаларын;
  • Reading, Listening, Speaking және Writing дағдыларын дамыту тәсілдерін;
  • receptive және productive skills бойынша тапсырмаларды ұйымдастыруды;
  • Teacher Talking Time (TTT), Student Talking Time (STT) және interaction patterns қағидаларын;
  • жұптық және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруды;
  • eliciting, scaffolding, monitoring, ICQs және CCQs сияқты мұғалімнің практикалық құралдарын;
  • оқушылардың қателерін анықтау және түзету тәсілдерін;
  • immediate, delayed, peer және self-feedback түрлерін;
  • оқушылардың accuracy және fluency дағдыларын дамыту жолдарын;
  • өз сабағын талдау және кәсіби рефлексия жасау қағидаларын меңгереді.

Курс кімдерге арналған?

Курс:

  • ағылшын тілі мұғалімдеріне;
  • ағылшын тілін оқытуды жаңадан бастаған педагогтерге;
  • педагогикалық мамандық студенттері мен жас мамандарға;
  • өзінің әдістемелік білімін жүйелегісі келетін тәжірибелі мұғалімдерге;
  • халықаралық ELT әдістемесімен танысқысы келетін педагогтерге;
  • болашақта CELTA бағдарламасына қатысуды жоспарлап жүрген мұғалімдерге арналған.

Оқыту нәтижелері

Курсты аяқтағаннан кейін қатысушы:

  • ағылшын тілін оқытудың негізгі әдістемелік қағидаларын түсінеді;
  • сабақтың нақты және өлшенетін мақсаттарын анықтай алады;
  • сабақтың кезеңдерін логикалық ретпен жоспарлай алады;
  • сабақ мақсатына сәйкес тиімді әдіс пен тапсырма түрін таңдай алады;
  • грамматика, лексика және айтылымды контексте оқытуды жоспарлай алады;
  • Reading, Listening, Speaking және Writing дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыра алады;
  • оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен өзара әрекетін тиімді ұйымдастыра алады;
  • нұсқаулықтардың түсініктілігін тексеріп, оқушылардың материалды меңгеруін бақылау тәсілдерін қолдана алады;
  • оқушының қатесіне сәйкес кері байланыс пен түзету тәсілін таңдай алады;
  • өзінің сабағын әдістемелік тұрғыдан талдап, әрі қарай дамыту бағыттарын анықтай алады;
  • CELTA және халықаралық ELT ортасында қолданылатын негізгі кәсіби терминологияны түсінеді және қолдана алады.

Курс тренерлері

СҮНДЕТ ҚАДІРБАЕВ

СҮНДЕТ ҚАДІРБАЕВ

CELTA сертификаты иегері, ITEC бағдарламасы қатысушысы, IELTS 8

педагогика ғылымдарының магистрі

Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) ағылшын тілі пәні мұғалімі, CELTA сертификаты иегері, ITEC бағдарламасы қатысушысы, IELTS 8.0 inst: @sundet_and_languages

Ұқсас курстар

«Teaching IELTS: Methodology, Strategies & Assessment with Saule & Sandugash»

Английский язык

«Teaching IELTS: Methodology, Strategies & Assessment with Saule & Sandugash»

«Teaching IELTS: methodology, strategies and assessment for English language teachers» Практический курс по методике преподавания IELTS для учителей английского языка. Освойте современные стратегии подготовки, оценивания и эффективного обучения всем компонентам экзамена.

Академиялық сағат саны
80 ак. сағ.
Оқу форматы
Қашықтан
«Teaching IELTS: methodology, strategies and assessment for English language teachers»

Английский язык

«Teaching IELTS: methodology, strategies and assessment for English language teachers»

Teaching IELTS: Methodology, Strategies & Assessment with Robert Sim Практический курс по методике преподавания IELTS для учителей английского языка. Освойте современные стратегии подготовки, оценивания и эффективного обучения всем компонентам экзамена.

Академиялық сағат саны
80 ак. сағ.
Оқу форматы
Қашықтан