ASTANA BILIM ACADEMY ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

«Astana Bilim Academy» педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне ресми түрде енгізілгенін хабарлайды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті жанындағы Жұмыс тобының 2025 жылдың 2 желтоқсанында өткен отырысының қорытындысы бойынша (№ 46 хаттама) қабылданды.

Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, ТОО «Astana Bilim Academy» берген құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ посткурстық сүйемелдеу қағидаларының 6-тармағына толық сәйкес келетіні анықталды.

Тізілімге енгізілу ұйымның педагогтердің біліктілігін арттыру саласында мемлекеттік талаптар мен нормативтік стандарттарға сай қызмет атқаруға құқылы екенін растайды. Astana Bilim Academy Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған сапалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және іске асыру жұмыстарын одан әрі жалғастырады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *