“ASTANA BILIM ACADEMY” ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІМІНДЕ ҚҰЖАТТЫ КӨРУ
«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ: ПЕДАГОГТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ» курсы

барлық мұғалімдерге, әдіскерлерге және педагогикалық мамандық студенттеріне арналған

Сатып алу
80 сағат
Бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген

«Жасанды интеллект пен әлеуметтік-эмоционалдық дамуды интеграциялау: педагогтың әдістемелік құралдары» курсы мұғалімдерге заманауи цифрлық шешімдер мен SEL негіздерін меңгеруге көмектеседі. Педагогтер CASEL моделі және басқа да теориялық шеңберлермен танысып, қолдаушы және уәждеуші білім беру ортасын құру үшін ЖИ-ді қолдану тәсілдерін үйренеді.
Курс аяқталғаннан кейін сіз:

  • оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдана аласыз;
  • CASEL моделі негізінде SEL элементтерін сабаққа интеграциялай аласыз;
  • өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлей аласыз;
  • білім алушылардың рефлексиясы мен оқу үдерісіне тартылуын арттыру үшін цифрлық сервистерді қолдана аласыз;
  • ЖИ-ді педагогикалық іс-әрекетте қауіпсіз және жауапты түрде пайдалану жолдарын меңгересіз.
«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР, ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» курсы

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған

Сатып алу
80 сағат
Бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген

«ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беру: негізгі қағидаттар мен іске асыру технологиялары» курсы колледж педагогтерін инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен таныстырады. Қатысушылар нормативтік талаптарды, қолжетімділік қағидаттарын, оқу бағдарламаларын және бағалауды бейімдеу жолдарын, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдаудың практикалық әдістерін меңгереді.
Курс аяқталғаннан кейін сіз:

  • ТжКБ жүйесінде инклюзивті білім беру қағидаттарын қолдана аласыз;
  • оқу материалдары мен тапсырмаларды бейімдей аласыз;
  • сабақ жоспарлау кезінде ЕБҚ бар студенттердің қажеттіліктерін ескере аласыз;
  • қолжетімді және қолдаушы білім беру ортасын құра аласыз.
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН: АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ» курсы

барлық мұғалімдерге, әдіскерлерге және педагогикалық мамандық студенттеріне арналған

Сатып алу
80 сағат
Бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген

«Педагогикалық дизайн: авторлық бағдарламаны әзірлеу» курсы — мұғалімдер мен әдіскерлерге 80 сағат ішінде өз авторлық бағдарламасының толыққанды жоспарын әзірлеуге мүмкіндік беретін практикалық бағытталған оқу.
Курс аяқталғаннан кейін сіз:

  • белгіленген талаптарға сәйкес авторлық бағдарлама жоспарын әзірлей аласыз;
  • педагогикалық дизайнның халықаралық тәсілдеріне сүйене отырып, оқу мақсаттарын, міндеттерін және күтілетін нәтижелерін тұжырымдай аласыз;
  • модульдер, тақырыптар және практикалық тапсырмалармен логикалық құрылымдалған курс жасай аласыз;
  • бағалау критерийлері мен бақылау формаларын әзірлей аласыз;
  • бағдарламаны білім беру ұйымында қолдануға және аттестацияға ұсынуға дайындай аласыз.